1930 жылдан бері еліміздің бас балалар газеті сенің шығармашылығың мен ой-пікіріңді күтеді. Мақалаңды жолда, анонимді сырыңмен бөліс, тарихтың бір бөлшегіне айнал!
Қазір платформада 13 оқушы хат жазып жатыр...
«Ұлан» газетінің шығармашылық көмекшісі. Мақала жазуға идея іздеп жүрсің бе? Тақырып таппай отырсың ба? Мәтініңді тексертіп алғың келе ме?
UlantAI идея табуға, мәтін құруға, журналистік дағдыларды үйренуге көмектеседі — қазақ тілінде, досыңмен отырғандай сөйлес!
Бұл бастамасы, сен жарадың!
«Айдың үздік тілшісі» атағына үміткер тілшілер
«Айдың үздік тілшісі» сертификатын 10+ жинаған тілшіге газеттің ресми «Жас тілші» куәлігі беріледі. Үздіктерді тек мақала санына ғана емес, сапасымен де анықтаймыз. Куәліктің түпнұсқасын тек редакциядан алуға болады.
«Ұлан» жаңалықтары
Балалар мен жасөспірімдер өз медиа платформаларын жүргізгенде үлкен журналистер сияқты жауапкершілікті сезінуі керек. Олар білуі тиіс басты этикалық ережелер:
Жас журналист өз платформасында тек дәлелденген, шынайы ақпаратты жазуы тиіс. Естіген қауесетті немесе интернеттегі тексерілмеген мәліметті бірден жариялауға болмайды. Оқырман сенімі ең басты орында тұрады. Сондықтан, кез келген фактіні жазбас бұрын оның анық-қанығына көз жеткізіп, ресми немесе сенімді дереккөздерге сүйену керек.
Өзгенің еңбегін ұрламау — журналистің басты міндеті. Басқа блогердің, сайттың немесе досыңның мәтінін, суретін не видеосын рұқсатсыз алып, «өзімдікі» деп көрсетуге мүлдем болмайды. Егер біреудің ойын немесе материалын қолданғың келсе, міндетті түрде оның есімін атап, сілтеме көрсету қажет.
Әр адамның өз құпиясы мен жеке кеңістігі болады. Достарыңның, мұғалімдеріңнің немесе таныстарыңның жеке өміріне қатысты ақпараттарды, олардың рұқсатынсыз жариялауға болмайды. Біреу туралы жазбас немесе суретін салмас бұрын, әрдайым сол адамның келісімін алуың керек.
Жасөспірім журналист өз платформасында кез келген мәселені екі жақты, әділ көрсетуі тиіс. Біреуді балағаттауға, кемсітуге, ренжітуге немесе жала жабуға жол берілмейді. Этиканы сақтайтын блогер ешқашан кибербуллингпен айналыспайды.
Егер сен өз жазбаңда байқаусызда қате жіберсең немесе бұрыс ақпарат таратып қойсаң, оны жасырмай, бірден мойындауың керек. Жақсы журналист қателігін тез арада түзетіп, оқырмандарынан кешірім сұрайды. Бұл сенің жауапкершілігің мен есейгеніңді көрсетеді.
Өз әлеміңнен баста — мектеп, достар, спорт, хобби, кітаптар мен жобалар туралы жаз. Бұл ең сенімді әрі қызықты тақырыптар.
Кез келген адам туралы жазбас бұрын оның келісімін сұра — есімін, суретін, сөзін жариялауға рұқсат алу міндетті.
Дау-дамай, саясат немесе денсаулыққа қатысты күрделі тақырыптарды жалғыз қозғама — алдымен мұғалім немесе ата-анаңмен ақылдас.
Мақаланы жібермес бұрын оны бір ересек адамға (ата-ана, мұғалім) оқытып шық — бұл мәтініңді күшейтеді.
Әрдайым шындықты тексер: жай естіген сөзге сенбе, нақты дереккөзге сүйен.
«Ұланның» медиа мектебінің бес дағдысын оқып шықтың ба? Аты-жөніңді жаз да, «Журналистің бес дағдысын біледі» сертификатын PDF не сурет етіп жүктеп ал.
🏅 Бүгінге дейін сертификатты — адам жүктеп алды
Сертификатта аты-жөнің, берілген күн автоматты жазылады.
Мақалаңызды барлық қажетті деректермен жүйелі түрде жолдаңыз
Ішкі сырыңмен, ешкімге айта алмаған уайымыңмен анонимді түрде бөліс. Біз сені қолдаймыз.
«Ұлан» — 1930 жылдың 14 наурызынан бастап жарық көріп келе жатқан республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті. Әр жылдары «Пионер», «Қазақстан пионері» деген атаулармен шықты. Бұл жай ғана газет емес — бұл Қазақстанның белгілі жазушылары мен журналистерінің алғашқы қадамы басталған үлкен шығармашылық мектеп.
"«Ұланнан» қанат қағып, еліміздің бас баспасөз саласын басқарып отырған жүздеген кәсіби журналистер бар. Ендігі кезек — сенікі!"
СТАТУС: АШЫҚ
Белсенді түрде хат жазып, мақаласы жарық көрген оқушыға ресми «Жас тілші» куәлігі және редакция атынан брендтік мерч жиынтығы беріледі!
Газеттің әрбір санын сапалы әрі қызықты етіп шығару жолында еңбек етіп жүрген «Ұланның» негізгі краштары.
Бас редактор
Редактордың орынбасары
Көркемдеуші-дизайнер
Апайға тек қана қағазға хат жазып, поштамен жолдау керек 📮
Жауапты хатшы
Қағаз газетті үйіңе жеткізіп ал — Kaspi.kz арқылы бір минутта оңай жазыласың.
QR кодты Kaspi.kz қолданбасының камерасымен сканерлеңіз — немесе төмендегі түймені басыңыз. «Ұлан» газетін таңдаңыз. Жазылым бірден ресімделеді.
Kaspi.kz арқылы жазылуҚауіпсіз төлем · Kaspi.kz ресми бетіне бағыттайды